Алматылық ұжым өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығып отыр
Қазақстанның ең танымал клубтарының бірі «Қайрат» 30 қыркүйек күні футбол әлемінің алыптарының бірі «Реал Мадридты» қабылдайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Sport12.kz-ке сілтеме жасап.
Аталмыш матч Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында өтеді.
Толық күнтізбе:
Бұған дейін «Реал Мадрид» клубы Қазақстанға дейін жол ұзақ екендігін айтқан болатын. Себебі, Мадрид пен Алматы қаласының арақашықтығы 5 962 шақырымды құрайды.
Ойыншылар құрамы жағынан әлемдегі ең қымбат команданың сапында Килиан Мбаппе (180 млн еуро), Джуд Беллингем (180 млн еуро), Винисиус Джуниор (170 млн еуро) сынды жұлдыздар бар.
Айта кетейік, алматылық ұжым өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығып отыр.
Оқи отырыңыз: Қазақстан таеквондодан Гран-при кезеңінде екінші медалін жеңіп алды