Әртістік жүзуден әлем кубогы кезеңі: Қазақстан екі алтын медаль жеңіп алды

15.02.2026 17:46

Эдуард Ким еркін бағдарламада топ жарып шықты

Depositphotos.com

Колумбияның Медельин қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ерлер арасында Қазақстан құрамасының өкілі Эдуард Ким ірі халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды. Спортшы еркін бағдарламада топ жарып, 195.2476 ұпай жинады.

Сондай-ақ әйелдер арасындағы еркін бағдарламада Қазақстан құрамасы да жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Айта кетейік, бұған дейін техникалық бағдарламада қазақстандық Виктор Друзин үшінші орын алған еді.

Оқи отырыңыз: Михаил Шайдоровқа бір күнде қандай қымбат сыйлықтар тарту етілді