Енді спортшы келесі жекпе-жекте Мажарстан өкілі Давид Надьпен күш сынасады
Семсерлесуден Ұлттық құрама спортшысы Руслан Құрбанов Астана қаласында өтіп жатқан әлем кубогының 1/4 айналымында қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, отандасымыз жартылай финал жолдамасын Париж олимпиадасының 2 дүркін чемпионы (жекелей және командалық сайыста), әлем чемпионы Коки Каномен сарапқа салды.
Бұл айқас 9:8 есебімен аяқталды.
Енді Руслан келесі жекпе-жекте Мажарстан өкілі Давид Надьпен күш сынасады.
Айта кетейік, бүгін кешке сапы бағдарламасында ерлер мен әйелдер арасындағы жүлдегерлер белгілі болады. Ал ертең шешуші жарыс күні командалық сайыс өтеді.
Оқи отырыңыз: Дзюдодан Қазақстан чемпионатына 800-ден астам жас спортшы қатысып жатыр