Самбодан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

ҚР Туризм және спорт министрлігі
ҚР Туризм және спорт министрлігі

Айтулы додада 31 жүлде жиынтығы сарапқа салынады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында спорттық және жауынгерлік самбодан өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатының кезекті жарыс күнінің белдесулерін тамашалап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады, деп хабарлайды Аlmaty.tv министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жарыс жолына бірнеше отандасымыз шығып, жанкүйерлерді жарқын жеңістерімен қуантты. Атап айтқанда, 64 келіде өнер көрсеткен Есентай Иманханов финалда Өзбекстан спортшысы Сардор Олимжоновты соңғы секундтарда жеңіп, әлем чемпионы атанды. Ал Гүлдана Әлмұханбетова (54 кг) мен Еламан Қойшыбаев (88 кг) күміс жүлдеге қол жеткізді. 2023 жылы Ереванда (Армения) өткен әлем чемпионатында да Еламан күміс жүлде иеленген еді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, елімізде екінші рет ұйымдастырылып жатқан байрақты бәсекеде әлемнің 80 мемлекетінен келген 470 спортшы бақ сынауда. Ел намысын 28 спортшы қорғап жатыр.

Айтулы додада 31 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан құрамасы хоккейден Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

Новости партнеров