Шаңғымен тұғырдан секіруден Илья Мизерных Қазақстан тарихындағы ең үздік нәтижені тіркеді

15.02.2026 16:55

Спортшы іріктеу кезеңінде ең ұзақ 140,5 метрге дейін секірді

Depositphotos.com

Италияның Валь-ди-Фьемме кластерінде шаңғымен тұғырдан секіруден үлкен трамплинде Илья Мизерных пен Данил Васильев те финалда өнер көрсетті. Ал Илья Мизерных іріктеу кезеңінде көпшілікті таңғалдырып, ТОП-10-ға кірді.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, 2024 жылғы жасөспірімдер арасындағы Канвон Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерных іріктеу кезеңінде ең ұзақ 140,5 метрге дейін секірді.

Жүлдегерлер:

  • 1-орын. Домен Превц (Словения) - 301.8 ұпай;
  • 2-орын. Рен Никайдо (Жапония) - 295.0 ұпай;
  • 3-орын. Кацпер Томасяк (Польша) - 291.2 ұпай;
  • 8-орын. Илья Мизерных - 281.6 ұпай;
  • 27-орын. Данил Васильев - 235.9 ұпай.

Илья Мизерных жарыс барысында Олимпиада чемпионы Филипп Рейменд (Германия), Йоханн Андре Форфанг (Норвегия), Андреас Веллингер (Германия) сынды фавориттерден озып кетті.

Оқи отырыңыз: Михаил Шайдоровқа бір күнде қандай қымбат сыйлықтар тарту етілді