Семейде дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді

05.11.2025 21:21

Спортшылар 14 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі

Depositphotos.com

10-13 қараша аралығында Семейде дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 600-ден астам дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Спортшылар 14 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. 

Ел чемпионатының нәтижесінде 2025-2026 жылғы маусымға арналған ұлттық құрама жасақталады. 

Айта кетейік, додада сондай-ақ аралас командалық сайыстар ұйымдастырылады.

Оқи отырыңыз: Astana Media Week 2025: жасанды интеллект медиа саласына қалай әсер етеді