Сергей Емельянов 10 дүркін Азия чемпионы атанды

10.05.2025 16:43

Ұлттық құрама спортшысы мәреге бірінші келді

Аlmaty.tv

Қытайдың Наньчан қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Ол 500 метрде жұптасып жарыста (каноэ) Руфина Искаковамен бірге мәреге бірінші келді.

Айта кетейік, былтыр Жапония астанасында өткен лицензиялық құрлық чемпионатында Сергей мен Руфина осы қашықтықта алтыннан алқа таққан.

Сергей Емельяновтың ересектер арасындағы Азия чемпионатындағы алтындары:

Наньчан-2025:

  • Сергей Емельянов (Руфина Искакова) - 500 м.

Токио-2024:

  • Сергей Емельянов (Тимур Хайдаров) - 500 м;
  • Сергей Емельянов (Руфина Искакова) - 500 м.

Районг-2022:

  • Сергей Емельянов (С-4) 200 м;
  • Сергей Емельянов (С-4) 500 м;
  • Сергей Емельянов (С-4) 1000 м.

Шанхай-2017:

  • Сергей Емельянов (Тимофей Емельянов) - 1000 м;
  • Сергей Емельянов (С-4) - 200 м;
  • Сергей Емельянов (С-4) - 500 м;
  • Сергей Емельянов (С-4) - 1000 м.

Бүгінгі финалдар әлі жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз: Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің алғашқы күнінде спортшыларымыз 4 медаль алды