Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

instagram.com/serik_sapiyev
instagram.com/serik_sapiyev

Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан бокс федерациясы Президентінің боксты дамыту жөніндегі кеңесшісі қызметінде Серік Сәпиев бокс құрамаларының нәтижесін жақсарту, спорт түрін дамыту бойынша жүйелі жұмыс пен Олимпиада ойындарындағы жоғары жетістік жолында жұмыс атқарады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Серік Жұманғалиұлы Сәпиев 1983 жылы дүниеге келген. Бокстан Олимпиада ойындарының жеңімпазы. Екі дүркін әлем және Азия чемпионы. ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері. Парасат орденінің, Вэл Баркер Кубогінің иегері.

Оқи отырыңыз: 25 наурызға арналған валюта бағамы
 

Новости партнеров