Шымкентте бокстан халықаралық турнир басталды

29.09.2024 в 17:53

Жарысқа бірнеше елден 150 боксшы қатысады

29 қыркүйекте Шымкентте Кеңес Одағының батыры Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған бокстан ерлер арасында халықаралық турнир жалауын көтерді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Prosports-қа сілтеме жасап.

Жарысқа Қазақстанның барлық аймағынан және бірнеше елден 150 боксшы қатысады.

«Осымен 43-рет өтетін беделді бәсекенің Қазақстан боксшылары үшін биыл орны бөлек болмақ. Себебі, дәл осы шаршы алаңда Азия чемпионатына құрам қарастырылады.

Жарысқа кез келген аймақтан, кез келген боксшы қатыса алады. Яғни, бұл – Ашық турнир. Турнир 5 қазанда мәресіне жетеді», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Алматыдағы бокс кешінде Данияр Елеусіновтің қарсыласы жекпе-жекті аяқтай алмады. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) ұзақ уақыт үзілістен кейін рингке оралды.Ол Алматыда өткен бокс кешінде филиппиндік Джо Нойнаймен (23-4-2, 11 КО) жұдырықтасты.филиппиндік бірінші және төртінші раундтта нокдаун алды.

Данияр Елеусінов өзінің кәсіби мансабындағы он екінші жеңісіне қол жеткізіп, WBC Peace белдігін жеңіп алды. Ал Джо Нойнай бесінші рет жеңіліске ұшырады.

Оқи отырыңыз: Көшпенділер даласы: Алматыда ит тұқымдарына арналған көрме ұйымдастырылды