Анна Данилина Қытайдағы теннис турнирінің жеңімпазы атанды

13.10.2024 14:43

Матч 6:3, 7:6 есебімен аяқталды

WTA (Jimmie48)

Қазақстанның жұптық разрядта бірінші ракеткасы Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 сериясы турнирінің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Екі сетте олар АҚШ-тан келген жұп Айша Мухаммад/Джессика Пегулаларды жеңді», - делінген хабарламада. 

Матч 6:3, 7:6 есебімен аяқталды.

Оқи отырыңыз: Грэпплингтен әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы 5 медаль жеңіп алды