Су добы: Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

12.10.2025 16:18

Шешуші кездесу отандастарымыздың жеңісімен аяқталды

Depositphotos.com

Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты аясында су добы сайысы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан ерлер құрамасы Жапониямен қола жүлдені сарапқа салды.

Шешуші кездесу отандастарымыздың жеңісімен аяқталды. Қазақстан 16:14 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Таиланд құрамасын жеңген әйелдер құрамасы да қола жүлдеге ие болған еді.

Оқи отырыңыз: Тәтті жеуге құмарлықтың 7 себебі: оны азайту жолдары қандай