Суға секіруден әлем чемпионаты: Қазақстан жасөспірім құрамасының тізімі жарияланды

19.08.2026 21:10

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 21-28 тамыз аралығында өтеді

ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасы суға секіруден Хорватияның Риека қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Almaty.tv 

Алдағы әлем біріншілігінде Қазақстан намысын үш спортшы қорғайды. Құрама сапына Эмиль Касимов, Илларион Авченко және Александр Подлесный енді.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 21-28 тамыз аралығында өтеді.

Оқи отырыңыз: Есту қабілеті зақымданған спортшылардың IV республикалық спартакиадасы ашылды

Толық көрсету