Шұғыла Өмірбек U23 әлем чемпионатының жүлдесіне қол жеткізді

16.10.2026 09:48

Шұғыла Өмірбек былтыр дәл осы жас санатында әлем чемпионы атанған

t.me/DRSQazaqstan

​АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында күрес түрлерінен U23 әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Туризм және спорт министрлігі Спортты көрсеткіштерін дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүгін әйелдер күресінен 55 кг дейінгі салмақтағы Қазақстан командасының спортшысы Шұғыла Өмірбек қола медаль жеңіп алды.

"Қазақ плауаны 3-орын үшін белдесуде украиналық Снежана Онуфриевамен күш сынасты. Тартысты кездесу 11-10 есебімен Шұғыланың пайдасына шешілді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Шұғыла Өмірбек былтыр дәл осы жас санатында әлем чемпионы атанған.

Оқи отырыңыз: Ескі көліктерді кәдеге жарату бағдарламасы әзірге іске қосылған жоқ

Толық көрсету