Сайыста Алатау ауданы әкімінің кубогі сарапқа салынды
Алматыда 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне және желтоқсаншылардың 60 жас мерейтойына орай волейболдан турнир өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сайыста Алатау ауданы әкімінің кубогі сарапқа салынды. Турнирдің ашылу салтанатында жергілікті әкімдік желтоқсаншыларды құттықтап, алғыс хат табыстады. Ойын барысында әр команда жоғары спорттық шеберлігін көрсетіп, жеңіс үшін бар күш-жігерін салып бақты. Іс-шараның мақсаты – еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға үлес қосқан желтоқсаншылардың ерлігін ұлықтап, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
"Өмірден өткен желтоқсаншыларды еске алып, жыл сайын турнир өткізіп тұрамыз. Спорт – салауатты өмір, денсаулыққа пайдалы. Мақсат –жастарға насихатау", – деді Патриоттық қозғалыс «желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болат Құрымбаев.
Оқи отырыңыз: Футболдан "Астана" клубы трофей саны бойынша рекорд жасады
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!