Таеквондодан Париждегі Гран-при жарысында Қазақстан қоржынына қола медаль түсті

11.10.2026 16:21

Отандасымыз Мария Севостьянова 3-орын алды

t.me/DRSQazaqstan

Таеквондодан Париждегі Гран-при жарысында Мария Севостьянова қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Франция астанасы Парижде өтіп жатқан таеквондодан Гран-при сериясы турнирінде Қазақстан қоржынына қола жүлде түсті.

Әйелдер арасында -57 кг салмақта сынға түскен отандасымыз Мария Севостьянова 3-орын алды. Ол алғашқы жекпе-жегінде тайпэйлік Вей Чун Линді 2:0 есебімен жеңіп, одан кейін мажар спортшысы Лука Патакфалвиден де 2 кезеңде басым түсті.

Жартылай финал үшін болған жекпе-жекте Севостьянова өзбек спортшысы Мадина Марабзалoваны 2:0 есебімен ұтты.

Ал жартылай финалда былтырғы әлем чемпионы Мария Клара Пачекодан (Бразилия) жеңіліп қалды. Есеп: 0-2.

Енді осы маусымдағы Гран-придің финалы келесі айда Астана қаласында өтеді.

Оқи отырыңыз: Дзюдодан Қазақстан командасы әлем чемпионатында Франциямен кездесті

Толық көрсету