Таза Қазақстан: алматылықтар спорт түрлерінен бақ сынады

01.12.2025 15:07

Алматыда демалыс күндері 700-ден астам адамның қатысуымен спорттық іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған флешмобқа еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін атсалысты. Жиналғандар алдымен қарапайым таңғы жаттығу жасады. Кейін спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтады. Әсіресе, гір тасын көтеру, қол күрес пен үстел теннисіндегі бәсеке тартысты болды. Арқан тарту мен асық атуда да қыз-жігіттер аянып қалмады.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен «Спорт - Достық алаңы» жобасы қала тұрғындарын бір серпілтіп тастады. Ал сайыста оза шапқандары бағалы сыйлықтарға ие болды.

«Бұл шараға 5 жастағы балалардан бастап 80-дегі қарияларға дейін қатысты. Ұлттық ойындарымызға деген қызығушылық жоғары болды. Әрине, мақсат – салауатты өмір салтын наисхаттау. Ал жарыста жеңіске жеткендер баға сыйлықтармен марапатталды», – деді Медеу ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Меруерт Қиықбаева.

Оқи отырыңыз: Алматы метрополитені 200 миллионнан астам жолаушыны тасымалдады