Ол чехиялық теннисшіден ұтылды
Қазақстандық теннисші, әлемнің 192-ракетасы Тимофей Скатов Almaty Open бірінші айналымында өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Тимофей Скатов турнирдің 1/16 кезеңінде чехиялық теннисші, әлемнің 25-ракеткасы Томаш Махачпен кездесіп, 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
«Қазақстандық теннисші матч кезінде үш эйспен бірге үш брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды. Ал оның қарсыласы Махач сегіз эйс жасап, төрт брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды», - делінген хабарламада.
Енді Томаш Махач турнирдің екінші айналымында тағы бір қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаевпен шеберлік байқастырады.
Оқи отырыңыз: Almaty open ATP 250 турнирінің ресми ашылу салтанаты өтті