Тоқаев қазақстандық семсерлесушілерді Әлем кубогы кезеңіндегі жеңісімен құттықтады

19.10.2026 15:02
Depositphotos.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Касабланкада өтіп жатқан семсерлесу Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осы жеңістің нәтижесінде спортшыларымыз Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) рейтингінде алғаш рет бірінші орынға шықты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар әлемнің ең айтулы додаларында Қазақстанның көк туын желбірете беруіне тілектес екенін білдірді.

Оқи отырыңыз: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Толық көрсету