Қоржында тағы бір алтын мен алты күміс және бір қола жүлде бар
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мөлдір Әшірбекова MMA IMMAF бойынша еліміздің шыққан тұңғыш чемпион атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясының ұйымдастыруымен (IMMAF) Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатыр. Мөлдір Әшірбекова 74,8 келі салмақта өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды.
Ширек финалда жерлесіміз анголалық Эсперанса Чилалды 17:5 есебімен жеңіп, жартылай финалда тағы бір анголалық Джорджина Людмиладан басым түсті (11:1). Ал финалдық айқаста мексикалық Мелисса Диас Мединамен кездесіп, қарсыласын тас-талқан етіп ұтты, есеп – 13:1.
"Мөлдір – Қазақстан тарихындағы тұңғыш чемпион. Тарихи жеңіс", - деп жазды Қазақстанның аралас жекпе-жек федерациясының баспасөз қызметі.
Ташкенттегі турнир 4-10 қараша аралығында өтіп жатыр. Мөлдір Әшірбаевадан бөлек, қазақстандық Ерұлан Қабдолов (52,2 келі) та чемпион атанса, тағы алты спортшымыз күміс және қола медаль еншіледі.
Оқи отырыңыз: 11 жастағы қазақстандық қыз Италияда өткен турнирде жеңіске жетті