Ел бойынша қазақ күресі, асық ату және тоғызқұмалақтан турнирлер өтеді

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Жарыс 9 бен 15 жас аралығындағы қатысушылар арасында болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жазғы маусымда спорттың 6 түрінен (жеңіл атлетика, дзюдо, регби, скейтбординг, су добы және үстел теннисі) жасөспірімдер мен қыздар арасында кемінде 10 республикалық чемпионат пен турнир өткізу жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, - деп Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Almaty.tv хабарлайды.

Министр жарыстар 9 бен 15 жас аралығындағы қатысушыларды қамтитынын нақтылады. Ұлттық спорт түрлері бойынша тоғызқұмалақтан «Жас Үміт» халықаралық турнирі, жамбы ату, аударыспақ, асық ату, қазақ күресі және дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаттары жоспарланған.

Елдің барлық аймақтарында Балаларды қорғау күніне (1 маусым) және Спорт күніне (16 тамыз) орайластырылған бұқаралық спорттық іс-шаралар да өтеді. Атап айтқанда, турнирлер, чемпионаттар, жүгіру жарыстары, спартакиадалар, марафондар, көңілді мәрелер және басқа да белсенділіктер ұйымдастырылады.

Маңызды халықаралық оқиғалардың бірі 2026 жылғы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана қаласында өтетін «Болашақ ойындары» болмақ. Оған мыңға жуық студент-ерікті қатысады деп күтілуде, ал шараның негізгі аудиториясы балалар мен жасөспірімдер болмақ.

Оқи отырыңыз: Елордада Қажымұқан атындағы тарихи футбол стадионы жаңартылды

Новости партнеров