Ұлттық құрама енді А тобында екінші орын алған командамен кездеседі
Филиппиннің Кандон қаласында өтіп жатқан AVC Ұлттар кубогында Қазақстан әйелдер құрамасы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, топтық кезеңдегі соңғы матчта қазақстандық волейболшылар Вьетнам құрамасын 3:2 есебімен жеңді.
Осылайша, Қазақстан В тобындағы барлық кездесуде жеңіске жетіп, турнирдің жартылай финалына бірінші орынмен шықты.
Жартылай финалда ұлттық құрама А тобында екінші орын алған командамен кездеседі.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды