Универсиадада фристайл-могулдан қазақстандық спортшы алтын медаль иеленді
Аlmaty.tv
Анастасия Городко финалда 79.79 ұпай жинады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Туринде (Италия) өтіп жатқан Универсиадада алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
"Қазақстандық спортшы финалда 79.79 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған бірінші орынды жеңіп алуға мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.
Екінші орынға Жапония спортшысы Харука Накао (76.29 ұпай) ие болды.
Сондай-ақ германиялық Ханна Виис (75.04 ұпай) қола медальді қанағат тұтты. Аяулым Әмренова 70.52 ұпаймен бесінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Городко Қазақстанға Универсиада-2025-тің алғашқы алтын медалін алып келді.
Оқи отырыңыз: Халық қатысатын бюджет: Алматыда тағы бір серуендеу аймағы пайда болды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 11:00
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23