Универсиадада фристайл-могулдан қазақстандық спортшы алтын медаль иеленді

14.01.2025 21:57

Анастасия Городко финалда 79.79 ұпай жинады

Көрнекі фото: freestylebc.ski

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Туринде (Италия) өтіп жатқан Универсиадада алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазақстандық спортшы финалда 79.79 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған бірінші орынды жеңіп алуға мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.

Екінші орынға Жапония спортшысы Харука Накао (76.29 ұпай) ие болды.

Сондай-ақ германиялық Ханна Виис (75.04 ұпай) қола медальді қанағат тұтты. Аяулым Әмренова 70.52 ұпаймен бесінші орынға тұрақтады. 

Айта кетейік, Городко Қазақстанға Универсиада-2025-тің алғашқы алтын медалін алып келді.

Оқи отырыңыз: Халық қатысатын бюджет: Алматыда тағы бір серуендеу аймағы пайда болды