Жекпе-жек АҚШ-тың Сан-Антонио қаласындағы Frost Bank Center аренасында өтеді
Қазірге дейін WBO, IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанған отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсанда Эрисланди Ларамен қолғап түйістіретіні белгілі.
Осы жекпе-жекті қашан және қайдан көруге болатыны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Үшінші әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек АҚШ-тың Сан-Антонио қаласындағы Frost Bank Center аренасында өтеді.
Отандық арналардан Алимханұлының жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кеші осы арналарда таңғы 6:00-де басталады.
Еске сала кетейік, отандасымыз Жәнібек 6 желтоқсанда WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 42 жастағы Эрисланди Ларамен қолғап түйістіреді.
Оқи отырыңыз: Әлем чемпионаты: Алматыда тоғызқұмалақтан кіл мықтылар анықталды