Спортшылар 81 және 100 келі салмақ дәрежелерінде сынға түсті
Париж қаласында өткен Grand Slam сериясындағы турнирде Қазақстан құрамасының өкілдері Абылайхан Жұбаназар мен Нұрлыхан Шархан қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жұбаназар қола медаль үшін өткен белдесуде Австрия спортшысы Бернд Фащингті жеңді.
Ал 100 келіге дейінгі салмақта Нұрлыхан Шархан Нидерланд өкілі Симеон Катаринамен қола жүлде үшін күресіп, қарсыласынан басым түсті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Парижде өткен Grand Slam турнирін үш қола медальмен аяқтады. Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Аман Бақытжан үшінші орынға ие болған еді.
Оқи отырыңыз: Қазақстан құрамасы бокстан халықаралық турнирде 6 алтын медаль жеңіп алды