Вице-министр "Қайрат" пен "Реал Мадрид" матчының билет құнына қатысты пікір білдірді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Оның айтуынша, баға нарықтық тетіктерге байланысты қойылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда өтетін "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчының билеттері қоғамда қызу талқыланып жатыр. Кейбір санаттағы билеттердің бағасы 250 мың теңгеге дейін жетеді. Қазақстанның Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, баға нарықтық тетіктерге байланысты қойылады.

Бұл – нарық. Жанкүйерлер бар, олар бағаға қарамай билет алады. Себебі олар осынысымен өмір сүреді. Менің ойымша, адамның мүмкіндігі болса, ол билетті сатып алады, – деді Азамат Әмрин Сенаттың кулуарында өткен брифингте.

Сонымен қатар ол Қазақстандағы стадиондардың жағдайына қатысты сұраққа жауап берді.

Біздің барлық стадиондар халықаралық стандарттарға сай. Егер талаптарға сәйкес келмесе, бұл матч мүлдем өтпес еді. Мұндай ойындар алдында барлық талаптарға сәйкестік міндетті түрде тексеріледі, – деп атап өтті бірінші вице-министр.

Журналистердің ойын нәтижесіне қатысты қойған сұрағына ол:

Күтейік, нәтижесін көреміз. Білесіздер ғой, кейде әрқашан ғажайып болуы мүмкін, – деп жауап берді.

Оқи отырыңыз: "Қайрат" пен "Реал Мадридтің" тарихи ойынына билеттер сатылымға шықты

Новости партнеров