Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та өтетін жекпе-жегінің алдында маңызды үндеу жасады

02.12.2025 21:16

Бұл - Жәнібек Әлімханұлы үшін WBA, IBF және WBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерді біріктіретін аса маңызды айқас 

Janibek Alimkhanuly жеке парақшасынан алынды

Орта салмақта WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) 6 желтоқсан күні АҚШ-та маңызды жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның қарсыласы – WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO).

Бұл айқас Жәнібек Әлімханұлы үшін WBA, IBF және WBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерді біріктіретін аса маңызды айқас болмақ.

Жәнібек Әлімханұлы бұл жекпе-жектің алдында үндеу жасады.

"Мен әуесқой бокста Азия чемпионатына, әлем чемпионатына, Олимпиадаға қатыстым, әлемнің барлық елін араладым. Енді өзімді, қазақ стилін әлемге танытатын уақыт келді", – деді Жәнбек Әлімханұлы.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Спорт – Достық алаңы» қалалық спорттық жобасының жүзеге асырылуы жалғасуда