Зарина Диас Жапонияда өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады

14.05.2025 18:51

Қазақстандық теннисші енді жапониялық спортшымен кездеседі

Аlmaty.tv

Қазақстан құрамасы атынан өнер көрсететін Зарина Диас Жапонияның Курумэ қаласында өтіп жатқан турнирдің екінші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші айналымда ол жапониялық Киса Ешиокадан басым түсті.

«Диас қарсыласын екі сетте жеңді. Кездесу 6:4, 6:0 есебімен аяқталды», - делінген хабарламада.

Келесі кезеңде қазақстандық теннисші тағы бір жапониялық спортшы Лиза-Мария Риумен кездеседі.

Оқи отырыңыз: Суға жүзу: Афи­нада өткен турнирде спортшыларымыз 8 медаль жеңіп алды