Зарина Дияс Түркиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

19.10.2024 17:44

Спортшы турнирдегі үшінші кездесуін өткізді

olympic.kz

Танымал қазақстандық теннисші Зарина Дияс Түркияның Кайсери қаласында өтіп жатқан ITF сериясындағы турнирде үшінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы жергілікті теннисші Дениз Дилекке қарсы ойнап, екі сетте 6:0, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Матч небәрі 47 минутқа созылып, турнирдің ширек финалдық кезеңінде өтті.

Айта кетейік, 30 жастағы қазақстандық спортшы қазір жарақатынан ұзақ уақыт емделіп оралған соң WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) әлемдік рейтингінде жекелей сында 488-орында тұр.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық шабандоз әлем чемпионатында үздік ондыққа енді