Зарина Диастың әлемдік рейтингтегі орны жоғарылады

© AFP 2024 / Kazuhiro Nogi
© AFP 2024 / Kazuhiro Nogi

Спортшы соңғы рет турнирде қыркүйектің соңында кортқа шыққан еді 

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Зарина Диас жеке сындағы жаңартылған WTA рейтингінде көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sport Plus Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

Спортшы екі саты жоғарылап, енді 488-орынға жайғасты.

Соңғы рет Зарина Бейжіңдегі (Қытай) турнирде қыркүйектің соңында кортқа шыққан еді. Бұл жарыста ол іріктеу сынның екі айналымынан сәтті өтіп, негізгі жарыста алғашқы кездесуде сүрінді. 16 қазан күні Қазақстан теннисшісі жүлде қоры 40 000 долларды құрайтын Кайсеридегі (Түркия) ITF турниріндегі жарыс жолын бастайды.

Көп оқылған: Талғардағы қанды оқиға: полицейлер төбелестің қалай басталғанын бейнежазбадан көрсетті

Оның алғашқы қарсыласы румын теннисшісі Патричия Мария Циг атанбақ, қазіргі уақытта ол WTA рейтингінде 256-орында тұр. 

Оқи отырыңыз: Әлем кубогінің финалдық кезеңінде қазақстандық төрт мерген бақ сынайды

Новости партнеров