Бәсекеде Ұлттық құрама спортшылары 2 алтын жүлдеге қол жеткізді
Бүгін Түркияның Анталья қаласында жеңіл атлетикадан халықаралық турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бәсекеде Ұлттық құрама спортшылары 2 алтын жүлдеге қол жеткізді. Спорттық жүрістен марафон дисциплинасында Галина Якушева, ал жартылай марафон бағдарламасында Кристина Морозова мәреге бірінші жетті.
Айта кетейік, бұл жарыс Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығының (World Athletics) «күміс туры» санатына кіреді.
Оқи отырыңыз: Қысқы Олимпиаданың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар қалай өнер көрсетті