Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік боксшыларының тізіміне енді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Үздіктер көшін америкалық Теренс Кроуфорд бастап тұр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Boxingscene.com порталының мәліметінше, танымал спорт шолушысы Стивен Эдвардс салмақ дәрежесіне қарамастан (P4P) әлемнің үздік боксшыларының жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

«Тізімге қазақстандық боксшы, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) да енді. Ол 20-орыннан көрінді», - делінген хабарламада.

Эдвардс P4P тізімінің көшін америкалық Теренс Кроуфорд (41-0, 31 KO) бастап тұрғанын атап өтті.

Үздік бестікке сонымен қатар украиналық Александр Усик (23-0, 14 KO), жапониялық Наоя Иноуэ (29-0, 26 KO), ресейлік Дмитрий Бивол (24-1, 12 KO) және Артур Бетербиев (21-1, 20 KO) енген.

Ал әлемдік бокстың бет-бейнесіне айналған мексикалық Сауль "Канело" Альварес (62-2-2, 39 KO) рейтингте 8-орынға тұрақтаған.

Оқи отырыңыз: Әлем чемпионы атанған боксшы қыздарға қанша доллар сыйақы берілді

Новости партнеров