Жүлде қоры 23 млн теңгені құрайды: Алматыда шахматтан жарыс өтеді

elements.envato.com
elements.envato.com

Өтініштер 10 қарашаға дейін қабылданады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда классикалық шахматтан Қазақстан кубогының финалдық кезеңі өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қазақстан шахмат федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарыс 11-20 қараша аралығында Алматыда өтеді.

«Финал нокаут жүйесі бойынша 16 шахматшы арасында өткізіледі, ерлер және әйелдер бөлек ойнайды», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, финалдық кезеңге 2024 жылғы Кубок кезеңдерінің қорытындысы бойынша 12 үздік шахматшы және ҚШФ атынан 4 номинант қатысады.

Уақытты бақылау:

  • 90 минут + әр жүріске 30 сек.;
  • Қосымша матчтар (тең аяқталған жағдайда): рапид (15 минут + 10 сек) және блиц (3 минут + 2 сек).

«Жарыстың жүлде қоры 23 000 000 теңгені құрайды», - делінген хабарламада.

ҚШФ номинанттары үшін өтініштер 10 қарашаға дейін office@kazchess.kz поштасына қабылданады.

Оқи отырыңыз: Головкин 2028 жылғы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитетіне барды

Новости партнеров