Алматыда Kazakhstan Urban Conference-2019 жайында баспасөз-мәслихаты өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Шара Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратында болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін ҚР жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметі Алматы қаласы әкімдігінің алаңында Алматы қаласында Kazakhstan Urban Conference-2019 өткізу жөнінде көшпелі баспасөз конферециясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Аталған баспасөз конферециясына Kazakhstan Growth Forum төрағасы Елдар Әбдіразақов, «Adam Damu» Еуразиялық гуманитарлық орталықтың» төрайымы Аида Әлжанова және Kazakhstan Urban Conference ұйымдастыру комитетінің мүшесі Арташес Григорьян қатысты.

Kazakhstan Growth Forum төрағасы Елдар Әбдіразақов аталған шараның уақыт талабына сай қалалардың алдында тұрған міндеттерді жүзеге асырудағы жыл сайынғы пікірталас алаңы екенін атап өтті.

«Біз зерттеулер жүргіземіз, түрлі шаралар мен талқылаулар ұйымдастырамыз, жобалар мен білім бағдарламаларын ұсынамыз. Біз қаланы дамыту шаһардың, биліктің, бизнес-құрылымдардың бірлесіп атқаратын ортақ жұмысы екеніне сенеміз. Сондықтан Қазақстан қалалары тұрғындарының осыны түсінгенін және соған белсенді түрде қатысқанын қалаймыз», — деп атап өтті Е. Әбдіразақов.


Kazakhstan Urban Conference 2019 ұйымдастыру комитетінің мүшесі Арташес Григорьян конференцияның бағдарламасын таныстырды.

Kazakhstan Urban Conference-2019 конференциясында экологияны, қауіпсіздікті, қала көлігінің тиімділігін жақсарту мәселелері талқыланатын болады. Сондай-ақ «2050 жылы Алматының келбеті қалай өзгереді?», «Алматы 5 млн тұрғынға метроөңір бола ала ма?» атты тақырыптар да талқыға түспек.

Мегаполис үшін жоғары білікті жұмыс орындарын құру проблемалары және сарапшылар қауымдастығы мен әкімдіктің ортақ іс-қимылының  тәжірибесі панелді пікірталас форматында қаралатын болады. Сонымен қатар, еліміздегі коммуналдық сектор қызметін дамыту және Қазақстанның кәсіби өтемі жөнінде сараптамалық баяндамалар ұсынылады.

Бәрімізге белгілі, қараша айының соңында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматының алдағы 30 жыл ішіндегі дамуының жобасын ұсынды. Оны нақтылы бекіту үшін талдаушы топтар, қоғамдық қорлар, түрлі салалар сарапшылары және қала тұрғындары «Алматы-2050» даму Стратегиясы концепциясының жобасын белсенді түрде талқылады. Бұдан өзге, сайтқа бастамашыл қалалықтардан шамамен 1077 ұсыныс түсті.

Панельді сессиялардағы пікірталастарға шамамен 300-дей адам қатысады, олардың арасында азаматтық белсенділер, мемлекет қайраткерлері, бизнес өкілдері мен сарапшылар және қоғам қайраткерлері бар.

Аталған шара туралы толық мән-жай 19.00 және 19:30-да болатын кешкі жаңалықтарда.

Новости партнеров