|
21.11.2019 | 14:03
5737

Алматы – ел экономикасының локомотиві

Стратегияның толық мәтіні сайт пен қалалық газеттерде жарияланды

Бақытжан Сағынтаев қаланың 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясының жобасын көпшіліктің талқылауына ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін тек алматылықтар ғана емес, Алматының болашағына бейжай қарай алмайтындардың барлығы енгізе алады.

Мұны www.Almaty-2050.kz арнайы сайты арқылы беруге болады. Сайт пен қалалық газеттерде Стратегияның мәтіні жарияланды.

2050 жылға дейінгі даму Стратегиясында 7 стратегиялық басымдық қамтылған:

1. Шетсіз қала;

2. «Ақылды» қала;

3. Тең мүмкіндіктер қаласы;

4. Қауіпсіз қала;

5. Жасыл қала;

6. Жаһандық іскерлік орталық;

7. Мәдени креативті қала.

Бұрындары қала әкімі Б. Сағынтаев бұған дейін мегаполистің сарапшылар қауымдастығымен бірқатар кездесулер өткізген еді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир