Таза Қазақстан: Астанада көше тазалаған тұрғындарға сыйлық тапсырылды

15.04.2024 19:17

Шаһардың үш нүктесіне 50 мың теңге жасырылды

Almaty.tv

Астанада «Таза Қазақстан» науқаны жалғасып жатыр. Елорда әкімдігі қаланы тазалауға шыққан тұрғындарға арнайы сыйлықтар да дайындаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шаһардың үш нүктесіне 50 мың теңгеден жасырып, айналаны жинау кезінде оны тапқан үш адам олжалы қайтты. Бас қала әкімдігі ынталандыру науқаны демеушілердің есебінен жүзеге асқанын айтты. Тазалық жұмыстарына 60 мыңнан астам адам, 3,5 мыңға жуық техника жұмылдырылды.

– Сыпырып жүріп қорап тауып алдым. Оның ішінде ақша бар екен, қуанып қалдым – деді орталық саябақ қызметкері Гүлнәр Солтанқұлова.

– Науқан басталағалы 1400 аялдамаларды жудық. 500-ден астам бағдаршамды тазалаймыз. Жер астындағы, үстіндегі көпірлер жуып, боялады, – деді қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Жанар Бескемпірова.

Оқи отырыңыз: «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының екінші аптасы: қала тұрғындарының бастамашыл топтарының қатысуы үшін орындар анықталды