Оған қазақстандық эстрада жұлдыздары да қатысты
Көктемде басталған 400 мыңнан астам қала тұрғыны қатысқан «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны «Алматы жазы» азғы экоакциясымен жалғасты. Қаланы көріктендіру бойынша ауқымды акция аясында субұрқақтар, өзендер, су айдындары мен жағалау аймақтары тазартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгінде мегаполисте табиғатқа, жалпықалалық нысандарға ұқыпты қарау мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған экологиялық іс-шаралардың жаңа кезеңі өтуде. Жаз күндері адам жиі баратын жерлерге – тауға, өзен жағалауларына, саябақтар мен скверлерге ерекше назар аударылады.
«Алматы жазы» экологиялық эстафетасы Медеу шатқалындағы сүйікті демалыс орнынан басталды. Мұнда белгілі спортшылар Дмитрий Баландин, Ерлан Тілеуімбетов, Салтанат Қазыбаева, Дәулетбек Елхан, Михаил Бабаев және тауды жақсы көретіндер қоршаған ортаны ретке келтіріп қана қоймай, қонақтарға көпшілік баратын орындағы мәдени мінез-құлық туралы айтып берді.
Содан кейін комьюнити орталықтардың резиденттері қатарындағы жастар және белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарына баратын аға буын өкілдері күш біріктіріп, Үлкен Алматы өзенінің жағалауын тазартты. Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарына келушілер қатарынан барлығы 80-ге жуық зейнеткер және «Жасыл ел» мен комьюнити орталықтарың 120 мүшесі жиналды.
Табиғатқа, жалпықалалық нысандарға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған экологиялық іс-шаралардың жаңа кезең нысандарының бірі Мақатаев атындағы сквер. Қаланың белсенді тұрғындары, олардың арасында «Даму бала» шығармашылық және спорт секциясына баратын балалар сквер аумағын тазалап, шөбін шабып, тал-шілікті кесіп, ақынның ескерткішін жуып тазартты.
Сонымен қатар балалар үшін скверде ашық аспан астындағы кітапханада дәріс өткізілді. Оқушыларға буккроссинг туралы айтылды, сондай-ақ Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизм тақырыбында отандық авторлар жазған кітаптар ұсынылды.
Сондай-ақ экоэстафетаға «Таза Қазақстан» республикалық акциясын қолдау үшін скверге арнайы келген қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысты.
«Алматы жазы» экоэстафетасының келесі пункті Наурызбай ауданындағы Сақ қорғандары кешені болды, онда қаланың этномәдени орталықтарының, шығармашылық зиялы қауымның өкілдері және белсенді қала тұрғындары скверді тазартты. Қаланың коммуналдық қызметінің күшімен көше жиһаздары, шағын сәулет нысандары ретке келтірілді, ағаштар мен бұталар кесілді. Damu bala үйірмесіне қатысатын балалар пленэрде Қазақстанның туған өлкесі мен табиғатын бейнелеген.
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов ұрпақтар сабақтастығының және өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.
«Қазақстанның әсем табиғатын ақындар жырға қосқан. Біздің ата-бабаларымыз шөпті таптауға, суды лайлауға болмайды, керісінше айналамыздағы табиғатты қорғау керек деді. Қазір біздің соған орала бастағанымыз қуантады. Бұл саябаққа ата-әжелер мен немерелер ағаш суару және серуендеу үшін келеді. Алматы ерекше қала, егер біз әрбір ағаш пен гүлді қорғасақ, онда ол әлемдегі ең керемет қала болады. Енді біз тұрғындарға ыңғайлы болу үшін қаламыздың инфрақұрылымын жақсартуымыз керек. Сақ қорғандары қасиетті орын және оны міндетті түрде таза ұстау керек», - деді шығармашылық бірлестіктің басшысы М.Құлкенов.
«Алматы жазы» экоэстафетасы барлық ауданда жалғасып, бірнеше күнге созылады. Осылайша, бүкіл қаланы ретке келтіру мен тұрғындардың назарын көріктендіру мәселесіне аудару жөніндегі іс-шаралар өтеді.
Оқи отырыңыз: Эстрада жұлдыздары мен оқушылар «Алматы жазы» экологиялық эстафетасына қатысты