«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының басталуы: таза бағдаршамдар, аялдамалар мен көрсеткіштер

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Бір ай ішінде Алматы Қалалық мобильділік басқармасы мен аудан әкімдіктері аялдама павильондарын ретке келтіреді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мегаполисте 8 сәуірінен 8 мамырына дейін өтетін «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында коммуналдық қызметтер мен мердігерлік ұйымдар бағдаршам объектілерін, аялдама павильондарын, жол белгілері мен қаланың көше-жол желісінің басқа да инфрақұрылымын тазалау, жуу мен жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осылайша бір ай ішінде Алматы Қалалық мобильділік басқармасы мен аудан әкімдіктері 480 бағдаршам, 1 765 аялдама павильонын ретке келтіріп, 300 мың шаршы метр жолға жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Қала құрылысын бақылау және құрылыс басқармалары объектілерді құрылыс алаңдарының нормаларына сәйкес келтіру, атап айтқанда абаттандыру қағидалары мен санитарлық нормаларды сақтау бөлігінде жұмыс жүргізетін болады.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны туралы барлық ақпарат аlmaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Сондай-ақ веб-сайтқа қала бойынша баннерлерде, плакаттарда арнайы орналастырылған QR-код арқылы да кіруге болады.

Әлеуметтік медиа науқанының белсенді қатысушыларына арналған хэштегтер:

#АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Оқи отырыңыз: Көктемгі өзгеріс: алматылықтарды қалада бірлесе тәртіп орнатуға атсалысуға шақырады

Новости партнеров