Су астындағы жұмыстарға әскери-теңіз күштерінің қызметі жұмылдырылған
Ақтауда сүңгуірлер Каспий теңізін қоқыстан тазартты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Су астындағы жұмыстарға әскери-теңіз күштерінің қызметі жұмылдырылған. Экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілген іс-шарада мамандар Каспий теңізінің 250 шаршы метр аумағынан 10-15 метр тереңдіктегі лас заттарды шығарыпты.
«Біз әскери-теңіз күштері атынан «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, теңіздің жағалауын қоқыстан тазартып жатырмыз. Жалпы осындай акция жиі болып тұрады. Қатысып тұрамыз. Өз үлесімізді әскери-теңіз күштері атынан қосуға дайынбыз. Судың астында пластмаса бөтелкелер, қоқыстар, адамдардың азық-түлікке қолданған заттары жатады, суды содан тазартамыз», - деді Әскери-теңіз күштері сүңгуір қызметінің бастығы Сайран Әбдікәрімов.