«Таза Қазақстан» республикалық жалпыұлттық акциясы Шығыс Қазақстанда белсенді жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Халықтың назарын табиғаттың ластануы, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне аудару үшін өңірдегі Опытное поле ауылдық округінде ұжымдық жинау, көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді. «AMANAT» партиясының филиалы мен аудан әкімдігі ұйымдастырған сенбілікке тұрғындар, саяси ұйымның депутаттары қатысқан.
Айта кетейік, облыс бойынша 82 мың аула мен 89 мың жеке тұрғын үй аумағы қамтылды.
– Таза Қазақстан таза ауладан, таза ауылдан басталады. Сондықтан әркім өз үйін тазалап, одан кейін көшені тазалап жатыр. Балаларды тазу жүруге тәрбиелейміз. Сондықтан науқанның маңызы зор, – деді Глубокое аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Елшібаев.
– Облыс бойынша 12 ластанған аумақты тазаладық. Оған 1,5 мыңдай адам қатысты. 300 тоннадай қоқыс шығарылды. Бұл бастаманы апта сайын өткіземіз, – деді «AMANAT» партиясы филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Аманбай Нұркенов.
Оқи отырыңыз: Таза бейсенбі: Алматыда науқанға 300-ге жуық адам қатысты