Алматы – біздің ортақ үйіміз: мектеп оқушылары флешмоб ұйымдастырды

Almaty.tv
Almaty.tv
Іс-шара Наурызбай ауданы әкімдігінің мұрындық болуымен жүзеге асты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанынан мектеп оқушылары да тыс қалмады. Акция аясында білім мекемесінің жастары флешмоб ұйымдастырды. Іс-шара Наурызбай ауданы әкімдігінің мұрындық болуымен жүзеге асты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мақсаты – жастарды табиғатты аялауға, қаланы көріктендіруге баулу. Жас өрендер бұл флешмобты патриоттық ән шашумен бастады.

– Бүгін ұйымдастырып отырған флешмобқа белсенді 100-ден аса оқушы келді. Ертең ауданымызда жалғыз тұратын отбасылар, үлкен қариялар, ардагерлердің үйіне барып, ауласын тазалау, көшесін тазалауына белсене қатысып, үлес қосады, – деді Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Мирас Нысанәлиев.

– Іс-шараларда жастар қолдаймыз. Елге Алматының әсем жерлерін қорғауды, таза ұстауды ұсынамыз, – деді мектеп оқушысы Аяулым Әбдіраманова.

Оқи отырыңыз: Балалар Handmade: алматылық оқушылар мыңнан астам құс ұясын жасады

Новости партнеров