Алматыда рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою жұмысы жалғасып жатыр

28.08.2026 14:17

2026 жылы мегаполис аумағында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері тіркелген жоқ

Көрнекі фото: Аlmaty.tv

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында Алматы қаласында қалдықтарды заңсыз орналастыру орындарын анықтау және жою бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда. Мониторинг жұмыстарын Экология департаментінің мамандары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Министрліктен хабардар еткендей, "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ Геосервисінің деректеріне сәйкес 2026 жылы Алматы қаласының аумағында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері тіркелген жоқ. Ұйым геосервисінің жұмысы жалғасуда және тұрақты бақыланып отыр.

2026 жылдың 8 айында Алматы қаласы бойынша экология департаменті жоспардан тыс тексеру барысында жергілікті өзін өзі басқару органдарының 6 лауазымды тұлғасын әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Департамент 1 081 250 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салды, қалғандары СМСАП-қа жіберілді.

Бүкілхалықтық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы еліміз бойынша миллиондаған адамды жұмылдырып, аумақтарды тазалау, көгалдандыру, экологиялық ағарту шараларын жүйелі түрде өткізіп келеді.

Үкімет атап өткеніндей, «Таза Қазақстан» — бұл бір реттік акция емес, ол күнделікті өмірдің мәдениетіне айналуға тиіс. Бұл бағытта барлық халықтық қауымдастықтың атқарып отырған жұмыстары айрықша маңызды: қалдықтарды бөлек жинауды енгізу, қайта өңдеуді ынталандыру, ұжымдық еріктілік және экологиялық білім беру тәжірибесін дамыту.

Оқи отырыңыз: Білім беру ұйымдары алдын ала ескертусіз тексеріледі

Толық көрсету