Қалдық өткізіп, балл жинаңыз: Алматыда жаңа платформа іске қосылды

Бастама қалада қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастырмақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Экологияға бейжай қарамайтын тұрғындар енді игі ісі үшін ынталандырылады. Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы бойынша жаңа цифрлық платформа іске қосылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Енді оның көмегімен қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды өткізген әрбір адам балл жинай алады. Бұл бастама қалада қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастырып, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруды көздейді. Іс-шара аясында литий-ионды батареяларды бөлек қабылдау және тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратып, жаңа бұйым жасауға арналған жобалар да көпшілікке ұсынылды.

«Алматы қаласының әкімдігі қоршаған ортаны қорғауға бағытталған барлық бастамаларды әрдайым қолдаймыз. Өздеріңіз білесіздер, экология саласында заманауи цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастырудамыз. Тұрғындардың арасында да көптеген жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша қатты қалдықтарды сұрыптап, өңдеу 18 пайыз болса, биыл бұл көрсеткіш 25 пайызға дейін көтеру үшін жұмыстар жүргізіп жатырмыз», – деді Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Серік Әділбаев.

Оқи отырыңыз:  Алматыда креативті экономиканы дамыту және қаладағы құрылыс жобаларының орындалу барысы талқыланды