Іс-шараға 11 арнайы техника мен 150 дана құрал-жабдық жұмылдырылды
Үлкен Алматы өзені бойынан жарты күн ішінде жүздеген қап қоқыс шығарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алмалы ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында сенбілік өтіп, тазалық жұмыстарына әкімдік өкілдері, коммуналдық қызметкерлер, еріктілер, қоғам белсенділері қатысты. Іс-шараға 11 арнайы техника мен 150 дана құрал-жабдық жұмылдырылды.
«Сенбілік Үлкен Алматы өзенінің батыс жағалауынан Қараөткелге дейін және Райымбек даңғылына дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы 6 самосвал жұмыс істеді, 100-ге жуық қызметкерлер, сонымен қатар әкімдік қызметкерлер, еріктілер және аудан тұрғындары бар», – деді Алмалы ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы Ақтілек Бисембай.
Оқи отырыңыз: Алматыда қай жерде тегін жүгірумен айналысуға болады