ҚР вице-президенті Ерлан Қарин Астанада ағаш отырғызу рәсіміне қатысты. Бұл туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv
"Бүгін еліміздің барлық өңірінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында іс-шаралар ұйымдастырылды. Этномәдени және жастар ұйымдарының өкілдерімен, қоғам белсенділерімен және «Үміт көпірі» волонтерлерімен бірге елордадағы Ботаникалық бақта ағаш отырғызу жұмыстарына қатыстық", - деді Ерлан Қарин.
Қазақстанның ірі қалаларындағы тазалық, қауіпсіздік және жайлы қоғамдық кеңістіктер шетелдік қонақтардың да назарын аударып отыр.
Оқи отырыңыз: Президент: Басты мақсат – азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту