БҚО-да Армениядан әкелінген мыңнан астам автокөлік тіркелді
inform.kz
Енді азаматтар Армениядан биылғы 1 ақпанға дейін әкелінген сол жақтан басқарылатын автокөліктерін 2021 жылғы 1 наурызға дейін тіркей алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Батыс Қазақстан облысында Армениядан әкелінген мыңнан астам автокөлік тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, күні бүгінге дейін 1060 автокөлік иесіне сары нөмір берілді. Соның ішінде 40-ы өзге өңір азаматтарының атына тіркелді. 68 автокөліктің рульдік басқару құралы қайта жабдықталды. ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі №553 қаулысына сәйкес 20 мамырдағы №306 қаулыға өзгерістер енгізілді. Енді азаматтар Армениядан биылғы 1 ақпанға дейін әкелінген сол жақтан басқарылатын автокөліктерін 2021 жылғы 1 наурызға дейін тіркей алады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
19.10.2026 08:10
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06