Алдында кейбір коммерциялық пойыздардың вагондарында жоғарғы орындар 20 пайызға арзандайтыны хабарланған болатын
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ жоғарғы және төменгі орындар құнына қатысты дифференциальды тәсілді қолдану бойынша пилоттық жобаның күшін жойды, деп хабарлайды Almaty.tv ҚТЖ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдында Қазақстанда 2022 жылдың 1 желтоқсанынан бастап кейбір коммерциялық пойыздардың вагондарында жоғарғы орындар 20 пайызға арзандайтыны хабарланған болатын.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ бес коммерциялық пойыздың жоғарғы және төменгі орындарына жол жүру құнына сараланған тәсіл қолдану бойынша пилоттық жобаны жойды.