Қазақстанда пойыздағы төменгі орындар қымбаттайды
turkystan.kz
Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жолақы айырмашылығы 20 пайыз болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Кейбір коммерциялық пойыздардағы төменгі орындар 1 желтоқсаннан бастап 20 пайызға қымбаттайды. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҚТЖ мәліметіне сәйкес, "Жолаушылар тасымалы" АҚ 2022 жылдың 1 желтоқсанынан 2023 жылдың 28 ақпанына дейін Пилоттық режимде коммерциялық пойыздардағы жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру ақысына аталмыш тәсілді енгізеді. Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жолақы айырмашылығы 20 пайыз болады.
Төменгі орындар төмендегі бағыттағы жолаушылар пойызында қымбаттайды:
№111/112 "Алматы - Маңғыстау";
№51/52 "Алматы - Орал";
№105/106 "Алматы - Петропавл";
№71/72 "Астана - Шымкент";
№29/30 "Алматы - Атырау".
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33