Шымкентте такси жүргізушілері аязды күні тұрғындарды тегін тасып жүр

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Бірнеше күн ішінде Нариман мен оның достары ондаған адамды жеткізген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкенттіктер күн аязды болуына байланысты тұрғындарды көлікпен тегін тасып жүр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, Нариман Ахметов достарымен бірге мүмкіндігінше тұрғындарды үйіне жеткізіп, қиын жағдайға тап болғандарға көмектесіп жүр.

"Ең бастысы – адамдарға көмектесу, шымкенттіктер үшін қыс қатал болып тұр. Адамдарға көмектесу керек. Өзім негізі қажет кезде көмектесемін, ақшасы болмаса, тегін жеткіземін, бұдан шығынға батып қалмаймын, бұл – игі іс, көмектескендерге еселеніп қайтады", – дейді такси жүргізушісі Нариман Ахметов.

Бірнеше күн ішінде Нариман мен оның достары ондаған адамды жеткізген.

Синоптиктердің болжамынша, Шымкентте 12 қаңтарда түнде 25 градус аяз болады.

Новости партнеров