Қостанай-Әулиекөл тасжолы ашылды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы орман өртіне байланысты күндіз жабылған «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» трассасы жолдың жақсы көріне бастауына байланысты қайта ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«3 қыркүйекте жолдың көріне бастауына байланысты республикалық маңыздағы «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тасжолының 8-108 км бөлігін (Тобыл қаласы мен Әулиекөл ауылының аралығы) ашу туралы шешім қабылданды», - делінген «Қазавтожол» АҚ Қостанай филиалының Instagram парақшасында.

Осыған дейін Қостанай облысында орман өртінің салдарынан жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолында барлық көлік түрі үшін шектеу енгізілгені хабарланған болатын.

Қостанайға Қойбағар, Қарасу, Алтынсарин ауылдары арқылы ғана қатынауға болатын еді.

Новости партнеров